ИСЛАМАБАД. Бүгін Палестина автономиясының лидері Махмуд Аббас Пәкістан президенті Первез Мушаррафпен Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөз бен екі ел арасындағы қарым-қатынас мәселелерін талқылау үшін Исламабадқа келді. Азия елдеріне алғаш сапарының барысында Палестина лидері Исламабадтың алдында Пекинде сапарда болып қайтты. БҰҰ-ы Израиль мен Палестина арасындағы қантөгіс қайта өршіп, екі арадағы бітімнің бұзылу мүмкіндігіне алаңдаушылық білдірді. Сәрсенбі күні Израиль Газа аймағында 2 палестиндік партизанды атып өлтірді.