Accessibility links

Өзбек қауіпсіздік күштері шығыс аймақтағы Қарасу қаласында наразылық жиынына жетекшілік еткен деген күдікпен Бахтиер Рахимовты үйінен тұтқындап алып кеткен


Оның қарындасы Юлдуз Рахимованың айтуынша, Бахтиерді мылтық құндағымен ұрып, тепкілеп тұрып қолына кісен салған. Оның үстіне Бахтиердың 14 жастағы ұлын да бірге ала кеткен.

Ал Қырғыз жағындағы аумақта тұратын Сожида Холдорова есімді келіншек «Азаттық» радиосының тілшісіне, бұл күні Қарасуда тағы да көптеген адамның тұтқындалғандығын айтты.

- Бейсенбі күні таңертең қауіпсіздік күштері Қарасуға келіп, үйлерді қоршауға алып, халықтың мұң-мұқтажын айтып, қорғамақ болған Бахтиер секілді 50-60-тай азаматты ұстап алып кетті. Олар бүкіл қаланы басып алған, - дейді Сожида.

Венадағы Адам құқықтары бойынша Хельсинки федерациясы және Өзбекстан Адам құқықтары қоғамынан хабарланғанындай, Өзбек милициясы мен қауіпсіздік күштері өткен аптадағы Әндіжандағы және көршілес аймақтағы толқуларға қарсы шабуылдар кезінде бір мыңдай қарусыз адам қаза тапқан көрінеді.
XS
SM
MD
LG