ВАШИНГТОН. Бүгін Вашингтонда АҚШ пен Ауғанстан президенттері Дж.Буш пен Хамид Қарзайдың өзара келіссөзі өтуге тиіс. Оның барысында Х.Қарзай тұтқында отырған ауғандықтарды АҚШ жауынгерлерінің қорлап-жәбірлегені туралы “Нью-Йорк Таймс” газетінде шыққан хабарға алаңдайтынын білдіріп, барлық ауған тұтқынын Ауғанстанға қайтаруын талап етпекші. АҚШ-қа сапары қарсаңында Х.Қарзай өзі бастаған Ауғанстан үкіметінің есірткі саудасына қарсы күреске жеткілікті көңіл бөлмей отыр деген сыни пікірлерді жоққа шығарды.