Accessibility links

Дж.Маккэйн (АҚШ сенаторы): “Әндіжандағы қантөгісті біз “жиіркенішті” деп санаймыз, бірақ, адам құқы мен демократияны аяқасты еткен елде ол күтпеген жағдай емес”


ТАШКЕНТ. Өзбекстанда заңнан тыс жарияланған “Бірлік” партиясының лидері Василия Иноятова Ассошиэйтед Пресс агенттігіне бүгін таңертең партияның кем дегенде 20 мүшесінің тұтқындалғанын, өзге белсенділерінің басқа күні ұсталғанын хабарлады. Иноятованың айтуынша, өзбек милициясы оларды Әндіжандағы халық толқуына қатысты деген күдікпен тұтқындаған. Ресми Ташкенттің есебі бойынша, Әндіжандағы толқуды басу кезінде 173 адам қаза болған, ал жергілікті адам құқын қорғаушылардың мәлімдеуінше, Ферғана жазығындағы қантөгісте 1 мыңға жуық кісі құрбан болды. Жексенбі күні АҚШ-тың 3 сенаторы өзбек үкіметін Әндіжандағы қантөгіске халықаралық тергеу жүргізуге көндіру үшін Өзбекстанда сапарда болды. Ташкентте өткізген баспасөз-маслихатында сенатор Маккэйн:

- Таяудағы қанды оқиғаны біз “жиіркенішті” деп санаймыз, бірақ, адам құқы мен демократияны аяқасты еткен елде ол күтпеген жағдай емес, - деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG