Accessibility links

Баспасөзге шолу. 2 маусым 2005 жыл


Бейсенбі күні Қазақстанда жарық көрген бірқатар басылымдарда "Хабар" телеарнасы мен бұрынғы ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбайұлы арасындағы сот ісіне қатысты мақалалар жарияланыпты. Басылымдар бұның қоғамда үлкен пікір туғызып отырғанын атапты.

«Жас Алаш» газеті осы тақырыпқа арналған «Хабарлықтарды Дариғаның өз сөзі ұстап берді» деген газет тілшісі Шадияр Өстемірұлының мақаласын беріпті.

Газет тілішісінің жазуына қарағанда сәрсенбі күні Алматы қалалық Медеу аудандық сотта Алтынбек Сәрсенбайұлы "Хабар" телеарнасының 50 проценттік акциясы «ҚазцентрТВ» және «Қазақстан телерадиокорпорациясы» секілді жекеменшік компанияларға тиесілі екендігін, бұл компаниялардың Қазақстанда хабар тарататын «Еуразия» компаниясының да акционерлері екендігін айтқан. Сот отырысында «Хабарлықтар» бұны жоқ олай емес деп айта алмаған.

«Жас Алаш» тілшісінің жазуынша Алтынбек Сәрсенбайұлы сот отырысында «Хабар» арнасының 1999 жылы жартылай сатылып кеткеніне қарамастан 2000 жылы үкіметтен төтенше жағдай кезінде жұмсалуға тиісті қаржыдан 270 миллион теңге бөлінгенін хабарлаған. Сот отырысында сондай-ақ Алтынбек Сәрсенбайұлы «Хабар», «Еуразия», «НТК», «КТК», «Радио Ретро», «Еуропа плюс» сияқты көптеген телерадиоарналармен бірге Дариға Назарбаеваның ықпалында ма, жоқ па, соны анықтауға қатысты осы телерадиокомпаниялар артында тұрған акционерлердің кімдер екендігін дәлелдейтін сызба үлгіні сотқа тапсырған.

Онда сол компаниялардың көпшілігінің құрылтайшылары Дариға Назарбаева мен оның күйеуі Рахат Әлиевтің туыстары екендігі көрсетіліпті деп жазады газет тілшісі. Сот барысында «хабарлықтар» өздеріне Дариға Назарбаеваның мүлдем қатысы жоқ дегенді айтқан, "бірақ Алтынбек Сәрсенбайұлы Дариға Назарбаеваның 2005 жылы «Известия» газетіне берген сұхбатында оның аталған компанияға қатысы барлығын өз сөздерімен дәлелдеп берді, ал «Хабар» арнасын қай партия пайдаланып отырғанын елдің бәрі біледі, сондықтанда жұртшылық сот әділ шешім шығарар деп үміттенеді" деп жазады Жас Алаш газеті.

«Время» басылымы да өзінің бейсенбілік санында «Хабар» телеарнасының өзінің абырой беделін сақтау мақсатында деп белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын сотқа бергені қоғамда үлкен пікірталас туғызып отырғанын жазады. Мақала авторы Марат Әсіповтың айтуынша, өткен жылы парламент сайлауынан кейін іле-шала А.Сәрсенбайұлы «Республика» апталығына сұқбат беріп онда Д.Назарбаева және оның отбасына қарайтын медиа холдингті демонополизацияу қажеттігін айтып еді бұдан кейін-ақ «Хабар» А.Сәрсенбайұлын сотқа берді.

«Хабардың» айтуынша, А. Сәрсенбайұлы осы сұқбатында «Хабар» агентігін медиа-холдингтің тізіміне кіргізген және «Еуразия» арнасы «Хабар» агентігі арқылы бюджеттен қаржыландырылып отыр деген жалған ақпарат берген бұл «Хабардың» атақ беделіне нұқсан келтірген сондықтан «Хабар» А.Сәрсенбайұлынан сот арқылы 50 млн теңге өндіріп алуды көздеп отыр деп жазады газет тілшісі Марат Әсіпов.

Апталық «Жұма-Таймс» басылымы өзінің бейсенбілік санында Алматы қалалық Медеу аудандық сотында жүріліп жатқан екі бірдей сот ісі туралы яғни Алтынбек Сәрсенбайұлына қатысты сот және Алматы қалалық прокуратура тарапынан президенттің ар ұжданы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірді деп айыпталған азамат Заманбек Нұрқаділовке қатысты сот туралы жазыпты.

Журналист Жұмаш Кенебай «Заманбекті қай сот болсын қорқыта алмайды» деген мақаласында "билік неге Ғалымжан Жақиянов сынды азаматты Шідертіде шідерлеп зорлықпен ұстап отыр, неге «Әділетті Қазақстан» қозғалысының төрағасы Жармахан Тұяқбайға қарсы қайта қайта қастандықтар ұйымдастырылады? Неге З.Нұрқаділов, А.Сәрсенбайұлы, Б.Әбілов сияқты батыл ойлы азаматтарды бірінен соң бірін сотқа тартуда? Яғни бұл президенттік сайлау биыл болады деген сөз" деп жазады өз мақаласында.

«Экспресс-К» газеті өзінің бейсенбілік санында Алматыда осымен үшінші рет өтіліп отырған «Ұлы Жібек Жолы» мен атты халықаралық кітап және баспа жәрмеңкесінің ашылғандығы туралы жазыпты. Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында ашылған жәрмеңкенің ашылу салтанатына әлемге аты әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматов, ақын Олжас Сүлейменов және Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысты деп жазады газет тілшісі Антонина Шепелюк.

Халықаралық балалар күніне арналған бұл кітап жәрмеңкесіне әлемнің 9 елінің 70-тей компаниялары қатысып отыр. Осы халықаралық жәрмеңке аясында балаларға арналған кітап фестиваль өтілмекші деп хабарлайды «Экспресс К» газеті.

Ал халықаралық саяси-апталық «Түркістан» басылымы бейсенбілік санында газет тілшісі Гүлзина Бектасованың «мемлекеттік тілге көшіруді әкім қолға алды» деген мақаласын басыпты. Мақалада Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қала әкімшілігіне қарайтын барлық ұйымдар мен мекемелердің барлық іс қағаздары мемлекеттік тілді жүрілу қажеттігін айта келе мемлекеттік тілге көшіоу мәселеінің кедесі жылдың желтоқсан айына дейін жүзеге асырылу керектігін қадап айтқанын жазыпты.
XS
SM
MD
LG