БЕЙРУТ. Ливан оппозициясы белгілі журналист Саммир Қассирдің Бейрут түбіндегі қастандықтан қаза болуына байланысты бүгін жаппай ереуіл өткізбекші және президент Эмиль Лахудтың биліктен кетуін талап етуде. Сирияға қарсы мақалаларымен кең танылған әлгі журналист кеше жарылыстан мерт болды. Ливан оппозициясы Сирияны елдің ішкі істеріне араласты деп айыптады. Бірақ Сирия бұл жарылысқа өзінің еш қатысы жоқтығын мәлімдеп отыр. АҚШ, Еуроодақ және БҰҰ-ы Қассирді қастандықпен өлтіруіне наразылық білдірісіп, бұл істі дереу тергеуге шақырды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады