ДАМАСК. Кеше бірнеше мың күрд өздерінің белгілі діни жетекшісі Мохаммад Маашуқ Хазнауидің қазасына байланысты ақиқат ақпарды талап етіп Сирияның Қамышли қаласында шеруге шықты. 10 мамырда хабар-ошарсыз жоғалған Хазнауидің қазасы өткен сәрсенбі күні жарияланды. Сирия үкіметі Хазнауидің қазасына кінәлі қылмыстық топтың 5 мүшесінің екеуін тұтқындағанын мәлімдеді. Алайда күрд қауымы мен Хазнауидің отбасы бұл қылмысты істің тиянақты тергелуін талап етіп отыр.