Accessibility links

“Үлкен сегіздікті” құрайтын елдер әлемдегі ең кедей 18 елдің 40 млрд доллар берешегін кешірді


ЛОНДОН. Бүгін Дүниежүзілік банктің жаңа президенті Пол Вулфовиц әлемдегі ең кедей елдердің берешектерін жою бастамасына жақсы баға берді. Өнеркәсібі дамыған “Үлкен сегіздік” елдері өздеріне берешегі бар әлемнің ең кедей 18 мемлекетінің 40 млрд долларға жуық қарызын жоятын болып уағдаласты. Ол елдердің көпшілігі Африкадағы Сахара шөлінің маңында шоғырланған. “Үлкен сегіздік” елдері қаржы министрлерінің сенбі күні Лондондағы бас қосуында келісілген осы мәселенің жай-жапсарын ағылшын қаржы министрі Гордон Браун ашып берді. Оның айтуынша, 18 елдің 40 млрд долларға жуық қарызы дереу жойылып, 9 елдің берешегі алдағы 1-1,5 жылдың ішінде жойылмақшы. Бұл – Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Африканың даму банкі алдындағы қарыздар.
XS
SM
MD
LG