ТЕҺРАН. Бүгін Иран Ислам Республикасының президенті Мухаммад Хатами елдің оңтүстік-шығысындағы Ахвази қаласы мен Теһранда жексенбі күні болған бомбалық шабуылдар осы аптада өтетін кезекті президент сайлауына бөгет бола алмайды деп мәлімдеді. Иранның ресми өкілдері мәлімдегендей, кем дегенде 9 адам құрбан болған жексембі күнгі бомбалық шабуылдарға байланысты кеше 6 күдікті қолға түскен. Бірақ ол ұсталғандардың кімдер немесе қандай ұйымға жататыны туралы ештеңе айтылмады. Онымен қарама-қатар дүйсенбі күні түнде және бүгін таңертең Захедан қаласында екі шағын жарылыс болды. 2 адам жеңіл жараланған сияқты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады