Бас прокурордың орынбасары Әнуар Нәбиевтің айтуынша, 13 мамырда Әндіжанда орын алған тәртіпсіздіктер кезінде қатардағы азаматтардан кемінде 45 адам қаза тауыпты. Ал адам құқықтарын қорғаушы ұйымдар қазаға ұшырағандар саны 750-ге дейін жетеді дегенді айтады, бірақ ондай мәліметті Өзбекстан ресми үкіметі теріске шығарып отыр.