Мәлімдемеде көтерілісшілерге қарсы шабуылға 1 мыңдай теңіз жаяу әскері мен басқа да күштер қатыстырылғаны жазылған. Ирақтағы басқа да жаңалықтарға келетін болсақ, араб сунниттер азшылығы Ирақтың жаңа Конституциясының жобасын дайындайтын топтың жұмысына қатысамыз деп келісімге келгені белгілі болды. Сондай-ақ, бейсенбі күні АҚШ әскерилері Әбу Мұсаб әл-Зарқауидің жақын көмекшісі Мохаммед Халиф Шайкерді ұстадық деп айтқан.