Accessibility links

Бүгін Европа одағының басшылары екінші күн бойына Одақтың ұзақ мерзімдік бюджетін Брюссельдегі саммитте талқылауда


Одақ бюджетінде Британияға жасалатын жылдық жеңілдік пен ең алдымен Францияға пайда әкелетін Европа одағының фермерлеріне субсидия беру мәселесінде көп пікір айырмашылықтары болды. Ұлыбритания биыл жалпы көлемі 5 миллиард евродан асатын жеңілдіктен бас тарту жөніндегі Одақтың 24 елі қойып отырған талаптарға бағынғысы келмейді. Францияда фермерлеріне берілетін көмекті қысқартуға келіспей қойды.

Бұл пікірталастар осыдан бір күн бұрын Одақ басшылары Франция мен Голландия қабылдамай қойған Европа одағының Конституциясын ратификациялауды біраз уақытқа тоқтата тұруға келіскен соң жалғасуда.
XS
SM
MD
LG