Accessibility links

Еуропа Одағының 2007-2013 жылдарға арналған бюджет жобасы бойынша келісім табылмады


Бүгін Польша президенті Марек Белка бұған одақтағы бай елдердің өзімшілдігі айыпты деп мәлімдеді. Брюссельде екі күн бойы өткен саммит кеше кешкісін сәтсіз аяқталды. Ұлыбритания және басқа төрт мемлекет бюджет жобасына ұсынылған келісім ұсыныстарын қабылдамады. 25 елдің басын біріктірген одақтың қазіргі төрағасы, Люксембург бас министрі Жан-Клоуд Джюнкер бай елдерге қарағанда одаққа қосылған жаңа он кедей елдің өкілдері келісім үшін өз пайдаларын қысқартуға ниет білдіргені үлгі алатындай жағдай деді. Ауыл шаруашылығына берілетін субсидияларды қысқарту тәртібі даулы мәселеге айналып отыр.
XS
SM
MD
LG