БАҒДАД. Ирақ астанасы Бағдадта орын алған жарылыстан кем дегенде 23 адам қаза тауып, 36 кісі жараланды. Жанкештілік бомба жексенбі күні Бағдадта орналасқан бір мейрамхананың ішінде жарылған. Құрбан болғандардың көбі полиция қызметкерлері екен. Сонымен қатар, Ирақ астанасындағы шийт мешітінің жанында жанкештілік бомба жарылған. Оның салдарынан 4 адам опат болып, 26 кісі жарақат алған. Ал Тикрит қаласында орын алған жарылыстан Ирақтың 5 әскері құрбан болып, 13 адам жараланды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады