Қырғызстанның уақытша президенті Құрманбек Бақиев 10 шілде күніне белгіленген президенттік сайлауға дейін бас министр қызметін атқаруын тоқтатты. Бақиевке көмектесу мақсатында мұндай шешімді бас министрдің уақытша бірінші орынбасары Феликс Құлов та қабылдады. Ф.Құлов мемлекеттік қызметкерлерге қатысты заң талабы сондай деді. Екі саясаткердің келісімі бойынша Бақиев жеңіске жетсе, Құлов бас министр қызметін алады.