Бұған дейін кейбір ақпарат көздерінде Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың отбасына байланысы бар делініп келген бішкектік телеарнаның қанша сомаға сатылғандығы әзірге белгісіз. Қазақстандық “31-ші” телеарна басшылығы бұл мәселеге қатысты ешқандай түсінік бермей отыр.
Алты жыл бойы жүргізілген келіссөздерден соң, Қырғызстанның “Независимое Бишкекское телевидениесін” немесе қысқаша “НБТ” - деп аталатын телеарнасын қазақстандық “31-ші арна” медиахолдингі толығымен сатып алған. Бұл туралы ақпарды Азаттық радиосына берген сұхбатында “НБТ”телеарнасы бас директорының орынбасары Жылдыз Исқақова растады. “НБТ” телеарнасының басшылығы телеарнаның жаңа қожайыны жаңа өзгерістер әкеледі деген сенімде:
- Мен өз басым телеарнаның техникалық жабдықталуында, телевизиялық сигналдардың және телехабарлардың сапасында жақсы өзгерістер болады деп күтемін.
Негізінен Бішкек қаласы мен оның төңірегіне, Шу алқабына және Қант өңіріне хабар тарататын “НБТ” телеарнасын бірқатар ақпарат көздері Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың ұлы Айдар Ақаевпен байланыстырып келген болатын. Телеарна тіпті бірнеше рет арнайы құрылған мемлекеттік комиссияның тексеруінен өткен еді.
Ақырында бұл мәлімет расталмағаннан кейін, қазақстандық «31-ші телеарнаның» басшылығы “НБТ”-ны сатып алуға ұйғарыпты. “Интерньюс-Қырғызстан” халықаралық ұйымының қызметкері Артем Петров, бұрынғы уақытта телеарнаның белгілі бір саяси көзқарасты қолдағанын байқамағанын айтады.
- Телеарна әрқашан шынайы ақпарат беруге тырысатын. Арна эфирінен билік өкілдерімен қатар оппозиция да өз пікірін айта алатын.
“НБТ” телеарнасы бас директорының орынбасары Жылдыз Исқақованың айтуынша, қазір оларға қазақстандық бір топ телевизия мамандары келіп жұмыс істеп жатыр екен. Әзірге телеарнаның жаңа форматы мен бағыты қандай болатындығы жөнінде бірдеңе айтуға әлі ерте дейді “НБТ” телеарнасының басшылығы. Дегенмен, “Интерньюс-Қырғызстан” халықаралық ұйымының интернет сайтының редакторы Артем Петров, телеарнаның жұмысынан қазірдің өзінде өзгерістердің бар екендігін байқағанын айтады.
- Соңғы уақыттарда телеарнада айтарлықтай өзгерістер болып жатқанын байқауға болады. Өзге хабарларын былай қойғанда, тіпті жаңалықтарды да қызықты етіп бере бастады.
“Интерньюс-Қырғызстан” халықаралық ұйымының интернет-сайтына берген сұхбатында, “НБТ” телеарнасының жаңа бас директоры Назым Моллаудов “Қазақстандық “31-ші арна” медихолдингі ұлттық деңгейден шығып, аймақтық телеарна дәрежесінде дамуды көздегендіктен, қырғыз телеарнасын сатып алды” деген мағынандағы пікір айтқан. “Интерньюс-Қырғызстан” ұйымының өкілі Артем Петров арнаның сатылуы жайлы өз ойын былай түйіндейді:
- Менің білуімше, соңғы уақыттарда “НБТ” телеарнасында материалдық жабдықтау және қаржы жағынан үлкен қиындықтар болған. Кадр мәселесінде де кедергілер туған еді. Соның салдарынан, телеарна хабарларының техникалық және көркемдік сапасы да нашарлап кеткен болатын. Сондықтан, қазақстандық “31-ші арнаның” инвестициясы дер кезінде болды деп ойлаймын.
Телеарнадағы өзгерістер үшін қанша қаржы кететіні белгісіз дейді “НБТ” телеарнасының басшылығы. Сонымен қатар, қазақстандық “31-ші” телеарнаның “НБТ”-ны қанша сомаға сатып алғаны жөніндегі мәлімет те құпия күйде қалып отыр. “31-ші арна” медиахолдингінің президенті Арманжан Байтасовқа хабарласқанымызда, ол өзінің іссапарда жүргендігіне байланысты, телеарнаға қатысты сұрақтарға кейінірек жауап беретінін жеткізді.
Қазақстандық медиахолдинг қырғыздың бір телеарнасын сатып алып, оған қаржы құюға дайындалып жатқан тұста, “31-ші” телеарнаның қызметкерлері өткен айдың жалақысының тек жартысын ғана алып отырған көрінеді. Бұл туралы, Азаттық радиосына “31-ші” телеарнаның өз аты-жөнін айтпаған қызметкері хабарлады.
- Бізге мамыр айының жалақысының тек 50 пайызын ғана берді. Басшылық қалғанын 1-2 аптадан кейін береміз дегенімен, жалақымыздың қалған бөлігін әлі бермеді. Жалақының неге бұлай жарым-жартылай бергенін нақты білмейміз, бірақ басшылыққа жақын жүретіндерден “31-ші арна” Қырғызстанның бір телеарнасын сатып алған екен, сол жаққа инвестиция құйып жатқандықтан біздің жалақымыздың жартысын беруге ғана ақша жетіпті-міс дегенді естиміз.
Мамандардың айтуынша, бар назарын Қырғызстанның саяси өміріндегі қызу тірлікке аударған Қырғызстанның БАҚ-тары бұл оқиғаға онша мән бермегендіктен, бір қырғыз телеарнасының шетелдік медиахолдингке сатылғандығы жайлы хабар Қырғызстан қоғамында ешкімді елең еткізе қоймаған.
Ал “НБТ” телеарнасы бас директорының орынбасары Жылдыз Исқақова, тек орыс тілінде хабар тарататын бұл телеарна, алдағы уақытта Қазақстан жаңалықтарына да көбірек орын беретінін айтып отыр.