“Время” және “Московский комсомолец в Казахстане” басылымдарында алдағы президенттік сайлаудың қашан өтетіндігі туралы түсінбестіктің туындап отырғандығы хабарланыпты. “Время” басылымында жарық көрген Ирина Севостьянованың мақаласында Әділет министрі Зағипа Бәлиева мен Орталық Сайлау Комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабековтың осы мәселеге байланысты түсініктеме бергендігі айтылыпты.
Әділет Министрі Зағипа Бәлиеваның пікірінше, соңғы кездері президент сайлауының қашан өтетіндігі туралы әңгімені тым саясаттандыру қатты белең алып барады. “Московский комсомолец в Казахстане” басылымы болса, Орталық Сайлау Комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабековтың республикадағы алдағы президенттік сайлаудың 2006 жылдың желтоқсанында өтуі тиіс деген сөзіне айрықша назар аударыпты.
“Жас Алаш” басылымының бейсенбі күнгі санында “Елдің ендігі басшысы кім болмақ?” деген сауал қойылып, осыған байланысты саясаткерлердің, қоғам қайраткерлерінің, зиялы қауым өкілдерінің ой-пікірлері беріліпті. Саясаттанушы Берік Әбдіғалиевтың пікірінше, келешекте президент болуға Иманғали Тасмағамбетов пен Ғалымжан Жақияновтың үміті бар деп есептейді екен.
Оның себебін саясаттанушы Берік Әбдіғалиев Иманғали Тасмағамбетовтың қазақтардың арасында ұлт, тіл мәселесін қаймықпай айтатын қасиетінің бар екендігімен, сондай-ақ, ол үшін ел басшысы болудың өмірлік маңызы бар екендігімен түсіндіріпті. Ал, Ғалымжан Жақияновтың келешекте президент болуы мүмкін екендігін саясаттанушы Берік Әбдіғалиев оның биліктің командасына нақты қарсы тұра алатын адам екендігімен түсіндіріпті.
Саясаткер Сейдахмет Құттықадам, Болатхан Тайжан және саясаттанушы Ерлан Қариннің алдағы президенттік сайлауда негізгі теке-тірес Жармахан Тұяқбай мен Нұрсұлтан Назарбаевтың арасында болады деген пікірлері бір жерден шығыпты. Ал, “Нағыз Ақ жол” партиясының тең төрағасы Болат Әбілов болса Қазақстанда ер адамдар 63 жастан бастап зейнетке шығатындықтан, Нұрсұлтан Назарбаевтың демалысқа кететін уақыты болды деп санайды екен.
Мәжіліс депутаты Амангелді Айталының айтуынша, әділ сайлау болған жағдайда бұрынғыдай тым үлкен басымдықпен болмаса да Назарбаев жеңеді деген ойын білдіріпті. “Әділетті Қазақстан” қозғалысының мүшесі Әміржан Қосанов болса экс-премьер Әкежан Қажыгелдиннің “Әділетті Қазақстан” қозғалысының аясында демократиялық үрдістерді қолдауға ниет білдіргендігін және оның демократиялық күштер атынан ұсынылған жалғыз кандидат Жармахан Тұяқбаймен бірлесіп, жеңіске жету үшін күресуге әзір екендігін мәлімдегендігін хабарлапты.
Саясаттанушы Нұрболат Масанов “Свобода слова” басылымына берген сұхбатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы президенттік сайлауға қатысуға моральдық та, заңдық та, саяси да құқы жоқ деген ойын білдіріпті. Нұрболат Масановтың айтуынша, жаңа Конституция бойынша Нұрсұлтан Назарбаев осы кезге дейін тек бір-ақ рет президент болып сайланды деген сөздер шындыққа үйлеспейді. Ал журналист Сергей Дувановтың пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаев үшінші рет те, төртінші рет те президенттік сайлауға түсе беруі ықтимал.
Заңгер Жанғазы Күнсеркин “Сөз” газеті арқылы “Асар” және “Қазақстанның демократиялық партиясының” бірігуі алдағы президенттік сайлаудың осы жылдың желтоқсан айында өтетіндігін аңғартады деген ойын айтыпты. Оның айтуынша, Қазақстандағы президенттік партиялар да саяси элита ауысса өзгеріске ұшырайды.
“Жұма таймс/Дата недели” апталығында жарық көрген Ғазиза Байтуованың мақаласында Жамбыл облысы мен Астанада президенттік сайлаудан кейін халық толқыса, шеруге шыққандарды қалай таратуға болатындығына байланысты дайындықтардың жүргізілгендігі хабарланыпты.
Ал “Литер” басылымында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Даниал Ахметовтың сенатор Зәуреш Батталованың мемлекет басшысының атына жолдаған хатына байланысты жауап бергендігі баяндалыпты. Бұған дейін бірқатар оппозициялық басылымдар арқылы президент Назарбаевтың атына жолдаған хатында сенатор Зәуреш Батталова “Неліктен ішкі істер министрілігі өз халқына қарсы қаруланып жатыр?” деген сауал қойған болатын.