Accessibility links

БҰҰ өкілі М.Новак: “Өзбек билігі Әндіжан оқиғаларынан кейін тұтқындалғандарды қинауда”


БІШКЕК. БҰҰ-ның жоғары лауазымды өкілі Манфред Новак Өзбекстан билігі Әндіжандағы қанды оқиғалардан кейін қамауға алынғандарды қинауда деп айыптады. Ал бейсенбі күні Қырғызстан 29 Өзбек босқынын Өзбекстанға қайтарамыз деді. Қырғызстан бас прокуроры Әзімбек Бекназаровтың айтуынша, 29 босқынның бәрі Әндіжандағы толқулар кезінде түрмеден қашып кеткен қылмыскерлер. Адам құқықтарын қорғаушы “Хьюман Райтс Уотч” ұйымы Қырғыз билігінің босқындарды Өзбекстанға қайтару шешіміне қарсы. Халықаралық конвенцияға сәйкес аталған босқындарға баспана берілуі тиіс дейді құқық қорғаушы топ. Естеріңізге сала кетсек, мамыр айында Өзбекстан қауіпсіздік күштері наразылық танытушыларға қарсы оқ атқан соң, 500-дей адам көрші Қырғызстанға босып кеткен-ді.
XS
SM
MD
LG