Accessibility links

Баспасөзге шолу. 07.05.2005 жыл


Сейсенбі күні Қазақстанда жарық көрген басылымдар негізінен Қытай басшысы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға жасаған сапары мен Қазақстан Қытай қарым-қатынастары мәселесіне назар аударған екен.

Республикалық “Егемен Қазақстан” газетінің бірінші бетінде жарияланған “Қазақстан мен Қытай – стратегиялық әріптестер” деп аталған мақаланың басында Қытайдың қарым-қатынастарының тарихына орын беріліпті. Автор, екі елдің арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарының өсіп келе жатқанын, Қазақстан мен Қытайдың сауда айналымы өткен жылы 2 миллиард 726 миллион АҚШ долларын құрағанын, мұның 2003 жылғы көрсеткіштен 27 пайызға артық екенін жазыпты. Сонымен қатар, мақалада екі ел басшыларының келіссөздерінің нәтижесінде, 8 түрлі келісімге қол қойылғандығы, соның ішінде Қазақстан мен Қытайдың шекарасындағы “Қорғаста” шекара маңы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы және Қытайдан Каспийге дейін Қазақстан арқылы өтетін “ТрансҚазақстан” темір жол магистралін салу жөніндегі келісімдерге қол жеткізілгендігі жайлы сөз қозғалыпты. Мақала авторы ойын, Қытай басшысы Ху Цзиньтаоның өзінің келіссөз нәтижелеріне толық қанағаттанғандығы және Қытай халқының Қазақстан халқына деген жақсы тілегін жеткізгісі келетіні туралы айтқан ойларымен түйіндепті.

“Айқын” басылымының сейсенбілік санында жарық көрген “Шығыспен шығысып, батысқа бас имей” атты мақалада Қазқстанның Шығыстағы алпауыт көршісі Қытай ХХІ ғасырда ешқашан қазақтың жеріне көз алартып, “малына” қол сұқпаймын деген ант-суын ақ қағазға түсіріп, бармақ басып бекітіп отыр деп жазыпты. Газет тілшісі Қазақстан мен Қытай басшыларының бұл жолғы кездесуін, Қазақстанның шығыстағы көршісімен жаңа ғасырдағы тату қарым-қатынас орнатуға жасаған қарекет-қимылы деп атапты. Автор: Қазақстан Қытайдың Тайваньға қатысты саясатын толық қолдайтындығын мәлімдеді, бұл әрекет АҚШ-қа ұнамауы мүмкін дегенмен Қазақстан осы қадамдарға бару арқылы одан өзіне экономикалық және мәдени салалардан пайда көреді деп жазады. Сонымен қатар мақала авторының жазуынша Қазақстан президенті келіссөздерден соң сөйлеген сөзінде, Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруде Қытайдың қолдауына ие болғандығын жария етіпті.

Ал “Жас алаш” басылымы Қытай басшысының Қазақстанға жасаған сапары мен Қазақстан Қытай қарым-қатынастары мәселелерін қысқа қайырыпты. Онда екі ел арасындағы мәдени байланыстар дамып келеді. Қазақстандық студенттердің Қытайдың джоғарғы оқу орындарында оқу мүмкіндігі артады, Қытайда қазақ мәдени орталығы ашылады, ал өз кезегінде Қазақстанда Конфуций университеті ашылатын болды деп жазады.

Экспресс-К газетінде жарияланған “Чай вдвоем” атты мақалада Қазақстан мен Қытай келіссөздерінің басты жемісі ретінде екі ел арасындағы ХХІ ғасырдағы стартегиялық әріптесітк туралы декларацияны атапты. Мақалада бұл декларацияның аймақтағы және халықаралық аренадағы жағдайдалрдың өзгеруіне байланысты екі елдің стартегиялық әріптес ретіндегі қарым-қатынастарын күшейтуге бағытталғандығы туралы жазылыпты.
XS
SM
MD
LG