Интернет дертіне, әсіресе, жүйемен көп ойнайтын жас балалар кезігеді екен. Осы жағдайды реттеу үшін халық саны жағынан әлемдегі алдыңғы ел Қытай тағы да бірінші болып Интернет ауруына ұшырағандарды емдейтін поликлиника ашып отыр екен. Қазір әлемді компьютерсіз елестету қиын. Оны жүздеген миллион адам пайдаланады. Интернетті кейіннен - соңғы 10-15 жылдың көлемінде қолға алған елдердің қатарындағы бұрынғы советтік аймақтың өзінде компьютерге деген сұраныс жыл өткен сайын еселеніп отыр екен. Міне енді, күнделікті тіршілікте, осы компьютердің алдында жас-кәрісі аралас жұрт сағаттап, күн бойы тапжылмай отыруды әдетке айналдырды. Жалпы алғанда оның аса үлкен ауыр жүгі жоқ десе де болады. Бірақ, кейбіреулер, әсіресе, жас балалар досты да, әке-шешені де, ішіп-жеуді де, тіпті көше-даладағы ойынды да жинап қойып, компьютерге жабысып отыратынды шығарды.
Ал 1,3 млрд астам тұрғыны бар Қытайда ондай интернетшілердің саны миллиондап есептеледі деген сөз. Қытай сондай интернет дертіне кезіккендерді емдейтін жаңа аурухана ашып отырған алғашқы ел болып отыр. Бейжіңде ашылған ауруханаға түскен он жастың бірі – 18-дегі Ху Шен Хенан уалаятынан келіпті.
- Интернетпен замандастарыммен хат арқылы әңгіме соғу, компьютер ойындары менің өмірімнің бір бөлігіне айналды. Интернетке бір кіргеннен соң одан қайта шыға алмадым. Негізгі әлемді ұмытып, бар ынта-көңіліммен компьютер әлемінің құлына айналып қалдым, - дейді интернет дертіне ұшыраған бұл жас жігіт.
Қытайда, жалпы есеп бойынша, осы Ху Шен секілді компьютер дертіне кезіккен 5 миллионға жуық жасөспірім бар екен. Жас балалардың ең үлкен проблемасы - демалыс кезіндегі бос уақыт екен. Бұл кезде олар Интернет-кафелерден бас алмай отырып алуды әдетке айналдырған.
Бейжіңдегі аурухананың бас дәрігері доктор Тао Ранның «Рейтер» тілшісіне айтуынша, олар жастарды осындай ауруға алып келген психологиялық мәселелерді зерттеп жатыр екен.
- Біз емнің барлық түрлерін пайдаланамыз. Солардың бірі – есірткі қолдану жағдайын зерттеу. Балалармен психологиялық кеңестер өткізіп, оларды көбірек дене шынықтыруға, спортқа тартамыз. Әзірге белгілісі, интернет дерті - психологиялық ауру, - дейді дәрігер.
Жалпы, интернет ауруына алдымен компьютердегі ойындар себепші көрінеді. Міне, енді бұл ауру бүкіл әлемдік мәселеге айнала бастады дейді талдаушылар. Компьютерге ертерек кіріскен Тайландта 2003-жылдан бастап түнгі сағат 10-нан таңғы 6-ға дейін компьютерлік ойындарға коменданттық сағат жарияланған. Яғни, сол түнгі 8 сағат аралығында серверлердегі ойындарға құлып салынып, тоқтатылады.
АҚШ-тағы бір жеке меншік емдеу орталығы да 1995-жылдан бері Интернет ауруын зерттеп, емдеп келеді екен. Ол жерде телефон және интернет ауруымен барған азамат берілген кеңес, жасалған ем үшін бір сағаттық қызметке 95 доллар төлейді екен. Ал, Германияда 2003-жылдан бері Еуропада алғаш болып балалар мен жасөспірімдерді интернет дертінен емдейтін әлеуметтік қауіпсіздік қызметі ашылған. Ол орталықта балаларға компьютермен зиянсыз қалай жұмыс істеудің тәсіл-жолдарын үйретеді.
Бейжіңдегі ауруханада емделгендер екі аптадан кейін Интернетті ойларынан бүтіндей шығарып, үйіне оралады екен. Бірақ, күніне 6 сағат бойы компьютермен отыратын Жао, күнделікті сүреңсіз өмірден құтылудың жолы - интернет қана болуы керек деген пікірін айттады.
- Мен компьютер ойындарына кіріскенде ғана өзімді азамат ретінде сезінемін. Мына жалпақ әлемде сен бір картоп ғана секілдісің. Ал компьютерге кіргенде сен - суперменсің. Сол супермен болу үшін мен интернет ойынымды қоймаймын. Жеңіске жету үшін, әрине, бар уақытыңды интернетке арнауың керек болады, - дейді жасы 20-дағы Жао есімді жігіт.