Accessibility links

Ирақтағы жиһадшыларды әзірлеуде Британия қолайлы ел болып отыр


Ирақта әрекет етіп жүрген жанкештілер мен жихадшыларды әзірлеуде Британия маңызды байланыс буынына айналып отыр. Бұл жөнінде лаңкестік әрекеттермен күрес бойынша сарапшылар мәлімдеген еді. Олардың дәлелдеуінше бұл үдерістер Дамаск арқылы Ирақ шекарасына қарай бағытталуда.

Маусым айының соңғы аптасында Манчестр қаласында тұтқындалған азаматты сұраққа алу барысында Британия полициясы айрықша мәселеге назар аударды. Тұтқындалған ол адам, 41 жастағы Идрис Базис деген шыққан тегі алжирлік Француз азаматын баспаналатқан екен. Базис болса биылғы жылдың ақпан айында Ирақта жанкешті ретінде қаза болған еді. Базис мырза Британияға Франциядан бір жыл бұрын келген боп шықты. Содан кейін ол Сирия арқылы Ирақтың Анбар аймағына заңсыз түрде өткізілген-міс.

Шотландиядағы әулие Андрюс университетінің Лаңкестік әрекеттер және саяси күш қолданулар бойынша зерттеу орталығының директоры Магнус Рансто:

- Еуропаның бірнеше елдерінің қауіпсіздік қызметтері еркін түрде саяхаттап жүретін жекелеген тұлғалардың бар екендігін біледі. Олар кей сәттерде жоқ болып кетеді. Тағы бірде арнайы елдерге кіріп барады. Ондай тұлғалардың шығу тегін де анықтап бере аламыз. Олар жекелеген елдердегі нағыз байланыс буындары боп табылады, - дейді.

Лондон полициясы сондай-ақ 32 жасар Ражид Белкажемді тұтқындаған болатын. Оны Нидерландия елі лаңкестік әрекеттерге азаматтарды үгіттеп-арбаумен, жалған құжаттарды жасаумен айналысты, суық қарулар ұстайды деп айыптап, іздеу салып отыр екен. Рансторптың пікірінше лаңкестерді өз қатарына тартып, дайындау ісін ауыздықтау Еуропа одағы үшін үлкен сауал болып тұр. Оның сөзіне қарағанда, аталған ұйым келесі ұрпақтың радикалдық бағыттағы Жихадттық идеологияға қосылуының алдын-алу үшін әрекет етуде.

- Менің ойымша британдықтар бұл салада талай күш-қуат жұмсап жатыр. Оның ішінде лаңкестік топтардың қаржыландырылуы мәселесі бойынша аянбай жұмыс істеуде. Менің ойымша, мұның өзі әртүрлі топтарды табан тірер тұғыр-жерлерінен сәтті түрде айыру болады. Ол топтар логикалық салалар бойынша әрекет етіп немесе лаңкестерді баспана ретінде, блок үйлермен қамтамасыз еткен, - деді Рансторп мырза.

Британиядағы Воруик университетінің лаңкестік әрекеттер бойынша маманы Девид Карлтон көбірек сын айтады.

- Британияны әрекет етуге қолайлы мекен деп ойлайтын біраз адам бар. Франция қауіпсіздік қызметі Британияға осыған орай өте сыншылдықпен қарауда. Солтүстік Африка азаматтары үшін Британия қауіпсіз баспанаға айналды деп отыр олар. Солтүстік африкалықтар Францияда бұлайша емін-еркін жүре алмас еді, - дейді Карлтон мырза.

Оның пікірінше, дипломатиялық қысым мен шекараларға мықты бақылау орнату лаңкестер үшін Сирия арқылы өтетін Еуропалық жолдарды жабуға септігін тигізбек. Сондай-ақ, Ирақтың маңызды көршілерінің бірқатары батысшыл бағытта екенін еске сала келіп, сарапшы Карлтон «Еуропа арқылы өтетін Солтүстік Африкалық байланыстарды үзу - оңайға соқпас» деген түйін жасайды.
XS
SM
MD
LG