Accessibility links

Өзбекстан билігі Қазақстанда тұтқындалған құқық қорғаушы террорист болуы мүмкін дейді


ТАШКЕНТ. Бүгін Өзбекстанның ұлттық қауіпсіздік қызметі Қазақстанда тұтқындалған құқық қорғаушы Лутфулло Шамсиддинов террорист деп күдіктелген адам деді. Ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілі Олимжон Турақулов тұтқынға алынған Өзбекстандағы Апелляция ұйымының белсендісі Лутфулло Шамсиддинов және осы ұйымның жетекшісі Саиджахон Зайнабиддинов мамырдың 13-інде Әндіжанда орын алған қантөгіске қатысы болуы мүмкін деді. Зайнабиддинов мамырдың 20-ы күні қамауға алынған. Сейсенбі күні БҰҰ-ы Шамсуддиновтың Қазақстанда қамауға алынғанына алаңдаушылық білдірді. Шамсуддинов Әндіжанда үкімет күштері кемінде 300 адамның мәйітін қаладан шығарғанын көрдім деп халықаралық ақпарат құралдарына хабарлаған болатын. Хұқық қорғаушылардың айтуынша, Әндіжандағы толқуларда үкімет күштері жүздеген бейкүнә адамды атып тастаған.
XS
SM
MD
LG