Көлік полициясының өкілі Ахмед Магомаев жарылыс Махачкаланың сыртында жүк поезы өтіп бара жатқан кезде болды деген. Жақында Дағыстанда полицияға қарсы бірнеше шабуылдар орын алған болатын. Оның алдына орын алған жарылысты ұйымдастырды деп күдіктелгендермен сәрсенбі күні полиция Махачкаланың орталығында екі сағат бойына атысқан-ды. Өткен жұмада Махачкаладағы бомба жарылысында Ресейдің 10 жауынгері опат болған еді.