Accessibility links

 
Ирақтың жаңа Ата заңын әзірлеп жатқан комиссияның екі суннит мүшесі оққа ұшты

Ирақтың жаңа Ата заңын әзірлеп жатқан комиссияның екі суннит мүшесі оққа ұшты


БАҒДАД. Кеше Ирақтағы қарулы адамдар елдің 3 суннит саясаткерін атып кетті. Оққа ұшқан 3 саясаткердің екеуі Ирақтың жаңа конституциясын әзірлеп жатқан комиссияның мүшелері екен. Бұдан бұрын Ирақ президенті Жалал Талабани елдің конституция жобасы тамыздың 15-е дейін дайын болуы мүмкін деген-ді. БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан бүлікшілердің саясаткерлерді өлтіргенін айыптап, дегенмен бұл Ата заңның уақытында дайын болуына кедергі болмайды деген үмітін білдірді.

Сонымен қатар, жексенбі күні Ирақтағы шабуылдардан 20-дан астам адам қаза тапты. Басқа да хабарларға қарағанда, кеше Британияның үш сарбазына Ирақта соғыс қылмысын жасады деген айыптар тағылды.
XS
SM
MD
LG