Accessibility links

Грузияда АҚШ президентіне қастандық жасады деген күдікпен бір адам тұтқындалды


ТБИЛИСИ. Грузия полициясы АҚШ президенті Джордж Бушқа қастандық жасады деген күдікпен бір адамды қамауға алды. Грузия Ішкі істер министрі Вано Мерабишвилидің хабарлауынша, Тбилисидің жанында орналасқан бір ауылда тұтқындау операциясы кезінде бір полиция қызметкері қаза тапқан, ал қамауға алынған кісінің аты – Владимир Арутюнян екен.

- Мәліметтерге қарағанда, Арутюнян біздің бір қызметкерімізді атып өлтірді, - деді Мерабишвили. Естеріңізге сала кетсек, мамыр айында АҚШ президентінің Грузияға сапары барысында оған граната лақтырылған болатын. Граната Буштан 30 метр қашықтықта құлап, жарылмаған-ды.
XS
SM
MD
LG