ТЕЛЬ-АВИВ. Израиль үкіметі Газа аймағынан еврей қоныстарын көшіру мен армияны шығару жоспарының жай-жапсарын талқылау үстінде. Бұл жоспарды іске асыру тамыз айына белгіленген. Вице-премьер Эхуд Олмерттің мәлімдеуінше, Газа аймағынан еврей қоныстары мен армияны іс жүзінде шығару ғана елде жаппай наразылықтың бой көтеруіне жол бермейді. Соңғы 3 күннің ішінде бірнеше мың әсіреоңшыл Израиль азаматы шерумен Газа аймағына өтпек болып, полиция оларға бөгет қойды. Ақыр соңында ұйымдастырушылар шеруді доғарып, наразылықтың өзге амалдарын ойластыратындарын мәлімдеді.