Accessibility links

Пәкістандағы ірі Исламдық партиялар ел бойынша өкіметке қарсы кең тұрғыдағы қарсылық шерулерін ұйымдастыруда


Мыңға жуық шерушілер 7-ші шілдедегі Лондон жарылыстарынан кейін Пәкістанда қарулы жауынгерлердің көптеп ұсталуына қарсылық білдіруде. Хабарларға қарағанда, Лондон жарылыстарын жасады деп күдікке ілінген төртеудің үшеуі Пәкістан текті британдық мұсылмандар болғанына орай, ел бойынша 300-дей адам тұтқындалған екен. Осы үдеріс барысында көптеген жазықсыз жандар ұсталды деп, сенеді Исламдық партиялардың өкілдері. Бейсенбі күні теледидар арқылы сөйлеген сөзінде елбасы Первез Мушараф жауынгерлер дайындайтын медреселер мен топтарды ауыздықтау бағытында жаңа қадамдар ажсалатындығын айтты.
XS
SM
MD
LG