«Бастан ату маңызды, себебі жасырған бомбасы бар болар деген оймен ол адамның кеудесіне ату қолайсыз», деді ол. Лондон метросында жұма күні өздері атып өлтірген адамның жазықсыз екендігін Британия полициясы мойындап және үлкен өкініш білдіріп отыр. Жан Чарльз де Менезес деген 27 жасар Бразилия азаматы Британияда 3 жылдан бері тұрады екен. Бразилия өкіметі бұл оқиғаға орай өздерінің “аса шошынып және қатты таңқалыста” қалғандықтарын айтып отыр. Орын алған осы жағдайға байланысты Британия Мұсылман қауымы өз тағдырлары үшін аса алаңдаушылық танытуда. Жұма күні күдікке ілінген екі адам ұсталған болатын.