Accessibility links

Бүгін Бежинде Пхеньянның ядролық қаруы проблемасы бойынша 6 жақты келіссөз қайта жалғасады


БЕЖИН. Кеше Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы бойынша осы ел мен АҚШ-тың ресми өкілдері 6 жақты келіссөздің алдында Бежинде кездесті. Келіссөз бүгін басталуға тиіс. Аты-жөнін атамаған АҚШ өкілінің хабарлауынша, екі жақ Корея түбегіндегі ядролық қаруды жоюдың жолдарын талқылады. Алты жақты келіссөзге бір жағынан Корея Халық Демократиялық Республикасы, екінші жағынан – АҚШ, Ресей, Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея қатысады. Ақ үйдің баспасөз-хатшысы С.Маклелланның атап көрсетуінше, 5 ел Корея түбегін ядролық қарсусыз көргісі келеді. Ядролық қарудың орнына Солүстік Кореяға дипломатиялық және экономикалық көмек ұсынылмақшы.
XS
SM
MD
LG