Жерлеу салты қызметін көрсететін жеке кәсіпкер Татьяна Назаренконың айтуынша, осы кезге дейін өздерінің қызметін пайдаланатын азаматтар үстіміздегі жылдың маусым айына дейін қалалық бейіттерге жер қазу үшін 7518 теңге төлеп келген екен.
«Енді үйінде аза тұтып отырған азаматтарға қосымша тағы 3000 теңге төле деп айтуымыз қажет. Маусым айынан бастап қалалық бейіттерді басқаратын салттық қызмет арнаулы комбинатының басшылығы бізге еш түсіндірместен 3000 теңге қосымша ақша төлеуді талап етіп отыр. Мұны төлемеген мекемеге бейіт аумағына өтуге рұқсат етілмейді» - деді кәсіпкер Татьяна.
Кәсіпкер бұл қайтыс болған кісінің отбасына қосымша салмақ боп түседі десе, тәуелсіз кәсіпкерлер бірлестігінің президенті Талғат Ақуов «қалалық бейіттерді басқарушы мемлекеттік кәсіпорын басшылығы бұл ақшаның қайда жұмсалатындығы туралы ешбір негізделген жауап бере алмайды, сондықтан олардың ісі заңсыз» деп отыр.
«Соңғы 3 айдың ішінде Алматы қаласында 3 мыңнан астам адам жерленіпті. Сонда “Салттық қызмет көрсету арнаулы комбинаты” 10 миллион теңге заңсыз пайда тапқан болып шығады. Осы арқылы Қазақстанның “Сыбайлас жемқорлық туралы” заңының және Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік кодекстің бірнеше баптары бұзылып отыр» - дейді кәсіпкерлер бірлестігінің жетекшісі Т.Ақуов мырза.
Ал осы айтылған айыптауларға қалып отырған мемлекеттік кәсіпорын директорының орынбасары Айдос Қожекеев «бұл ақша бейітті жөндеу, тазалау және көріктендіру жұмыстарына жұмсалады» деп жауап берді.
Жалпы, «адам өмірі - бәрінен де қымбат» деген тіркесті Алматылықтар енді «адам өлімі де арзан тұрмайды» деп толықтыра алады. Өйткені, қайтыс болған адамды жерлеп, басына белгі қоюға ең кем дегенде 178 АҚШ доллары қажет екен. Енді есептеп көрелік: Алматының қалалық бейіттерінде жер қазу жұмыстары 7518 теңге немесе 55 АҚШ доллары тұрады. Аталған сомаға алдында айтылған 3 мың теңгені қосыңыз. Ал Алматыдағы ең үлкен әрі белгілі Кеңсай зиратында жер қазу жұмыстары шамамен 133 АҚШ доллары тұрады. Бұл зиратқа жерлеу үшін мемлекеттік комиссияның арнаулы келісімі қажет, ол үшін арнайы өтініш жазылады. Кейбір бейресми дерек көздеріне қарағанда, шенеуіктермен жеке кездесу арқылы мұндай келісім алудың құны 2 -3 мың АҚШ доллары тұратын көрінеді. Жерлеу рәсімінен кейін басына белгі орнатуға кемінде 5 мың теңге немесе 37 АҚШ доллары қажет дейді Алматыдағы жерлеу бюросының қызметкері Сабира Жанұзақова:
- 5 мың теңгеге кішкентай ғана белгітастар қоюға болады. Ал жалпы ескерткіштердің құны 15 мыңнан жоғары қарай».
- Ең қымбат ескерткіштер қанша тұрады?
- 1000-2000 АҚШ долларынан басталып мүлдем қымбат тұратын ескерткіштер жасауға болады.
Сабира Жанұзақованың айтуынша, 10 мың АҚШ доллары болатын ескерткіштерді де жасауға болатын көрінеді. Ал ескерткіштерді орнатудың құнына келсек, «ол бейіттің қашықтығына, орнатылатын жерінің ерекшелігіне және ескерткіштің көлеміне, клиенттің талабына қарай белгіленеді. Бізде ескерткіштерді орнатудың құны 10 мың теңгеден немесе 75 АҚШ долларынан жоғары», - дейді жерлеу бюросының қызметкері Сабира Жанұзақова.
Мұсылман бейіттері әдетте сыртынан қоршалып тұрады. Олардың бағасы туралы жерлеу бюросының қызметкері былай дейді:
«Оны қоршағыңыз келсе, бізде дайын қоршаулар бар. 1 метрі 1200 теңге тұрады. Стандарт бойынша әдетте 4х4 немесе 3х4 метр болады. Бағасы моланың үлкен-кішілігіне қарай белгіленеді ғой».
Осылайша есептеп келгенде, қазіргі таңда Алматыда бір адамды жерлеу құны 300 АҚШ долларына таяу болып шығады екен. Ал Қазақстанда ең төменгі зейнетақы мен жалақы қазір 9200 теңгені, немесе 68 АҚШ долларын құрайды. Яғни, ондай көлемде зейнетақы алатын жалғызлікті қарт адамға өз зейнетақысын ішпей-жемей 4 ай жинауына тура келеді.
Ал бұл кезде жерлеу салтымен айналыстын кәсіпкерлер қабірге қою бағасын өсірген мемлекеттік мекеме басшылығын жазаға тарту керек деп мәлімдеме жасап жатыр.