Беларустің заң орындары сәрсенбі күні оны тұтқынға алған болатын. Ал, бейсенбі күні оған қарсы осындай айып тағылып отыр. Бұл оқиға Беларусия мен Польша арасында өсе түскен дипломатиялық теке-тірес көрінісіндей. Польша елі бейсенбі күні аталған оқиғаларға наразылық ретінде өзінің Беларусиядағы елшісін кері шақырып алды.