Олар мұнда алты ай мерзімге қалатын сыңайлы. Содан кейін босқындар Канада, Дания, Голландия және Құрама Штаттарына жеткізілетін болады. Мамыр айында Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы оқиғалар кезінде өкімет күштерінің басып-жаншуынан бас сауғалаған босқындар Қырғыз жерін паналаған болатын. Ресми Ташкенттің әскери бұл әрекеттерін БҰҰ “жаппай кісі өлтіру” деп бағалаған еді.