Алғашқы шара барысында полиция екі күдіктіні Лондонның батысында қолға түсірген болатын. Содан арада бірнеше сағаттар өткенде Италия ішкі істер министрлігі, аталған бомбалық шабуылға қатысы бар деген күдікпен сомалилік азаматты тұтқындағанын хабарлаған еді. Ал, төртінші күдікке ілінген адамды сәрсенбі күні Бирмингем қаласында полиция қолға түсірген.