БЕЖИН. Солтүстік Кореяның ядролық қаруы проблемасы бойынша Пекинде өтіп жатқан 6 жақты келіссөздің бүгінгі отырысына Қытай жағы бірлескен мәілмдеменің жобасын ұсынды. АҚШ, Ресей, Қытай, Жапония, Солтүстік және Оңүстік Корея делегацияларының 6 жақты келіссөзі бүгін бесінші күн жалғасып отыр. Осы келіссөздің сыртында АҚШ пен Солтүстік Кореяның өкілдері бүгін өзара алтыншы рет кездесті. АҚШ делегациясының жетекшісі Кристофер Хилдің бүгін: “...бірлескен мәлімдеме бойынша ортақ пікірге бүгін немесе ертең келе қою қиын, оған уақыт керек. Бұл өте ауыр келіссөз болды”, - деп атап көрсетті.