Қытайдың «Синхуа» агенттігі Шыңжаң көлік қатынастары басқармасы бастығының орынбары Ло Цзянсиннің мәлімдемесіне сілтеме жасап, қыркүйектің 1-інен бастап Қазақстан мен Қытай арасында жолаушылар мен жүк тасымалының 12 бағыты ашылатындығын хабарлады. Ал, Қазақстанның көлік және коммуникациялар министрлігі автокөлік басқармасының бастығы Шахабаддин Маханов «Қытай жағы 12 бағытты ашуға мүдделіллік танытып отырғанымен Қазақстан оның тек қана алтауына келісім беріп отыр», - дейді.
Қазақстан-Қытай кәсіпкерлері кеңесінің мүшесі Ділмұрат Қазиев болса, қазірдің өзінде Қазақстан билігі позициясын қолдан беріп алды деп санайды:
«Бұған дейін Қытайдан әкелінетін тауық еті мен жұмыртқаға салынатын кедендік салық 30 пайыздың деңгейде болып келсе, оны 13 пайызға дейін төмендету нәтижесінде Қытайдың арзан өнімдері Қазақстан базарын басып қалып, отандық өнім өндірушілер сазға отырып қалды».
Қазақстанның көлік және коммуникациялар министрлігі автокөлік басқармасының бастығы Шахабаддин Мақанов болса, Қытайдың Алматы облысымен шектесетін тұсындағы «Қорғас» маңынан ашылатын арнайы экономикалық аймақ та алғашында Қытай кәсіпкерлеріне көп пайда әкеледі деп есептейді. Қазақстанның қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары Ерғали Шығымбаевтың айтуынша, Қытай жағынан ашылатын он екі бағыт бойынша да Қазақстан жағынан кедергі жоқ. Ол бағыттарда қосымша кеден бекеті ашылмайды. Оның сыртында Пекиннен Берлинге дейін тоқталыссыз халықаралық автокеруен жүргізудің жобасы жасалып жатқандығын айтады. Шыңжаңның көлік қатынастары басқармасы бастығының орынбасары Ло Цзянсиннің айтуынша, қазір Шыңжанда 12 автожол бекеті жұмыс істейді екен. Олар арқылы жолаушылар мен жүк тасымалдарының 63 халықаралық автожол желісі өтетін көрінеді.