Құмтөр алтын кенішінен келіп жатқан бұл зардаптарға орай өздеріне төлемақының берілуін олар талап етуде. Олар алтын кенішіне апаратын жолды өткен аптадан бері жауып тастаған болатын. Жағдайдың анық-қанығын тексеруге ел өкіметі уәде бергеннен кейін ғана ауыл тұрғындары наразылықтарын тоқтатысты. Талаптары бір ай ішінде қанағаттандырылмаған жағдайда қарсылық шараларын одан әрі жалғастыратындықтарын олар мәлімдеп отыр.