ТАЯУ ШЫҒЫС. Израиль басып алған территорияның 20 мыңға жуық араб тұрғыны бүгін 2 араб әйелін жерлеуге келді. 2 әйел - кеше израильдік экстремистің атып өлтірген 4 арабтың ішінде болды. Осыншама халық қолдарына Палестинаның жалауларын ұстап, “арабтарға қарсы насихатшылар түрмеге жабылсын!”, “нәсілшілдік жойылсын!” – деген үндеулер айтып Шфарам көшелерінен өзендей ағылып өтті. Израиль үкіметі елдің солтүстігінде автобуста келе жатқан халыққа қарсы оқ жаудырған еврей экстремисі Эден Натан Заданың ісіне наразылық білдірді.