БАҒДАД. Ирақтың Тикрит қаласында орын алған жарылыстан кемінде 5 адам қаза тапты. Ресмилердің айтуынша, бұл шабуыл полиция бекетіне бағытталған. Ал Бағдадта қарулы адамдар мұнай министрлігінің өкілдері отырған көлікке шабуыл жасаған, оның салдарынан екі адам мерт болып, 2 кісі жараланған. Сонымен қатар, Бағдадтың оңтүстігінде болған қақтығыстан Ирақтың 2 сарбазы мен АҚШ-тың 2 әскері қаза тапты.