Accessibility links

Халықаралық қауымдастықтың қарсылығына қарамастан Иран Исфаһандағы уран өндіру зауытында БҰҰ-ның пломбаларын алып тастады


ТЕҺРАН. Британия, Франция және Германия елдері атом энергиясы бойынша халықаралық агенттікті Иранның ядролық әрекеттерін тоқтатуға шақырды. Ал АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Адам Ерели мынандай пікірін білдірді:

“Иран 2004 жылғы Париждегі келісімді бұзды деп есептейміз. Иран өзін одан сайын шеттетіп, шұңқырға итермекші,” - деді Адам Ерели.

Ал ресми Теһран болса ешқандай халықаралық келісімді бұзбай жатырмыз, бейбіт мақсатта ядролық энергияны дамытуға құқымыз бар дейді.
XS
SM
MD
LG