ЛОНДОН. Лондонның Хитроу әуе жайында “Бритиш эруэйз” әуе компаниясының қызметкерлері ереуілін тоқтатты. Әуе қатынастары қайта жалғасты. Бейсенбі күні басталған ереуілдің салдарынан 600-ден аса рейс ұшпай қалып, бүкіл әлемнен келген 100 мыңға жуық жолаушы көздеген жеріне дер кезінде ұша алмады.