МӘСКЕУ. Кеше Мәскеуде Ресейдің сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары мен Польша елшісі Стефан Меллер кездесіп, Мәскеуде поляк азаматтарына қарсы және Польшада орыс дипломаттарының балаларына қарсы жасалған шабуылдар талқыланды. 31-інші шілде күні Варшавада ресейлік 3 жеткіншек және бір қазақ баласы соққыға жығылған болса, осы аптада Мәскеуде 2 поляк дипломаты мен журналисіне қарсы шабуыл жасалды. В.Лощинин Польшада орыстарға қарсы көңіл-күйді қоздыру тыйылады деген үміт білдірсе, өз кезегінде С.Меллер поляк азаматтарын соққыға жығып кеткендердің ұсталғанын күтетінін мәлімдеді. Оның ерекше атап көрсеткеніндей, қаскүнемдер “кімге қол көтергендерін жақсы білсе керек”.