Accessibility links

Ирақ жаңа Ата заң жобасын белгіленген қосымша бір апта мерзімде жасап үлгірмесе жаңа саяси дағдарысқа кезігуі мүмкін


Сонымен, Ирақтың бұрынғы жетекшісі Саддам Хұсейннен кейінгі жаңа Ата заң жобасын жасау үшін тағы да бір апта мерзім берілді. Парламенттегі күрдтер өкілі Мұнтер әл-Фадхалдың «Франс-пресс» агенттігіне айтуынша, егер осы соңғы аптада Ата заң жобасы жасалып үлгермесе, онда Ұлттық ассамблея таратылып, жаңа сайлау өткізілуі мүмкін.

Шешімі қиын мәселелер арасында Ислам шарияты заңының рөлі, федерализм және табиғат байлығын әділетті бөлу жағдайлары бар.
XS
SM
MD
LG