16 тамыздан бастап 19 тамызға дейін Ақтау қаласында Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің лаңкестік әрекеттерге қарсы командалық жаттығулары өтеді. Ақтаудың теңіз айлағында мұнай құятын кешендерді лаңкесшілерден қорғау операциялары өткізіліп жатыр. Қазақстан жағынан жаттығуға Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі қатысады. Олар лаңкестік болып жатқан ауданды қоршап, бейбіт тұрғындармен лаңкесшілерді іріктеуге жауапты. Шекарашы катерлер лаңкесшілердің Қазақстаннан су арқылы шығуына төтеп беруге тиіс. Жоспар бойынша, мұнай құйылған цистерна жарылысы ұйымдастырылады. Ал, лаңкестік болғаннан кейін оның салдарымен Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі күресуге жауапты. Ал, саясаттанушы Болатхан Тайжанның айтуынша, лаңкесшілерден қорғану үшін тек жаттығу жасамай, сыртқы саясатты өзгерту керек:
«Шынында да Ресейдің ішкі жасап жатқан әсіресе Шешенстанда жасағанын біздің жариялап қолдауымыз үлкен саяси қате. Шешенстанда жасап жатқан Ресейліктердің әрікеттері адамзатқа қарсы жасалған әрекет. Ана лаңкесшілер бізге тиіспес үшін, осы саясаттан біз аулақ болсақ деген тілегіміз бар».
Ал, отставкадағы полковник Амангельді Ерекешевтің айтуынша, Қазақстанға сыртқы саясатты өзгертудің қажеті жоқ:
«Бізге Ресей автомат бергенде технологиясын, қосалқы бөлшектерін береді. Ал, АҚШ тек автомат береді. Егер ол сынса біз оны жөндей алмаймыз».
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Божкода бұған дейін мұнай, атом және басқа да маңызды нысандармен адам көп жиналатын мекемелер бойынша лаңкестікке төтеп бере аламыз деген болатын. Мұндай жұмыс әрдайым жүргізіліп отырады және оған мемлекет жыл сайын ұлғайып отыратын қаражат бөледі деген болатын. Божко айтып өткендей, Қазақстанда тыйым салынған ұйымдардың тізімі жасалып отырады. Ал, саясаттанушы Болатхан Тайжанның айтуынша, лаңкесшілерден қорғану үшін, шекараны әлдеде бекіте түсу қажет:
«Шекараны жабу қажет. Қазақстанның шекарасы ашық тұр. Оның түсініксіз идеологиясы бар, біз ТМД елдеріне ашықпыз деген. Дәл сол ТМД елдерінен қылмыскерлер көбейіп отыр. Күллі мемлекеттер шекараларын жауып жатыр, тіпті Еуропада шекарасын қымптап жатыр».
Ал, «Мұнай» институтының директоры Надир Каримовтың айтуынша, қауіпсіздік шаралары негізінен мұнай компанияларының қызметі болуға тиіс:
«Қауіпсіздік мұнай компанияларының қызметі. Мәселен қай компанияны алсаңызда акциялардың көбісі шет елдік компаниялардың қолында. Ақтөбедегі компанияның 61 пайызы Қытайлардікі, «Теңізшевройлдың» 70 пайызы АҚШ-тікі. Сақ болу үшін, шет елдік компанияларда жұмыс істеу керек».
Ал, отставкадағы полковник Амангельді Ерекешевтің айтуынша, мұнай нысандарын Қазақстан жағынан да қорғау қажет:
«Ол біздің жерде, мұнай біздікі. Егер, есік-тереземізді, аузымызыды, құлағымызды жауып қойсақ, онда, нағыз ақмақ мемлекет боламыз».
Бұған дейін осындай жаттығулар барысында бұрыңғы төтенше жағдайлар министрі Мұхамбет Көпей лаңкестік әрекеттер тек шалғай мемлекеттерде емес, көрші елдерде болып жатқан шақта бізде сақ болуымыз қажет, деген болатын. Төтенше жайдайлар министрінің орынбасары Болат Жанасаев стратегиялық нысандарда осындай жаттығулар өткізілетіндігін хабарлаған. Негізінен отын-энергетикалық кешендерге көп көңіл бөлінеді. Және жаттығуларға бірнеше министрлік мамандары қатысады, деді ол.