Ашық хат жолдаған тұрғындардың басым көпшілігі Қытай, Қарақалпақстан, Монғолиядан көшіп келген оралмандар екен. Солардың бірі – “Каменка” елді-мекенінің тұрғыны Найманбай Омаров Алматы іргесінен сол кезде оралмандардың мұңын жоқтаушы болып жүрген «Тамсан» атты қоғамдық ұйымның адамдарынан 500 АҚШ долларына шағын жер аумағын сатып алып, 1998 жылы сол жерге өз бетінше үй тұрғызады. Алайда, ол жерді заңды түрде рәсімдеуге асықпаған Н.Омаров үйі тұрған жерді заңсыз иемденіп отырғанын 2003 жылы бір-ақ біледі. Ал әлгі «Тамсанның» қайда кеткенін қазірде ешкім білмейді.
«1998 жылы қазіргі отырған үйімді салып, 2003 жылы оған мемлекеттік құжат алайын десем, бұл жерге мешіт салынады деп, маған тиісті құжатты бермей қойды. Ал мен тұратын көшедегі 5 үйді бұзып тастады», - дейді Найманбай Омаров.
Найманбай өзі тұратын көше бойында бұзылған үйдің жері тегістеліп, қайта сатылып кеткендігін айтады. Найманбай секілділердің тағы бірі - көп балалы ана Әзиза Нұрмаханова:
«Алған жер телімін заңдастырып, мемлекеттік акт алу үшін біраз жердің есігін тоздырдым. Бізді адам екен деп ешкім тыңдамайды. Ол жерді бұрынғы әкім Храпуновтың кезінде “Каменка” елді-мекенінің әкімі Көлбаевтың шешімімен заңды түрде алған болатынмын. Содан көп ұзамай “Каменка” ауылы Алматы қаласына қосылды да, біздің қолымыздағы жер туралы шешіміміз жарамсыз болып қалды. Қазіргі әкім Тасмағанбетовке 7 рет, президент Назарбаевқа 2 рет хат жаздық. Соңғы рет президенттен мәселелеріңізді қалалық әкім шешеді деген жауап алдық. Ал ол әкім бізді тыңдайтын емес», - деп назаланды.
Алматының іргесіндегі “Ұлжан” елді-мекенінің тұрғыны Әлия Құбатаева осыдан екі жыл бұрын Қазақстанға Қарақалпақстаннан қоныс аударған оралман. Ол өзінің алаяқтардың алдауына түсіп қалғандығын айтады. Әлдекімдер бұған да жер сатып, отбасының бар қаржысы - 1000 долларды соларға беріп жіберіпті. Жергілікті тіркеуде жоқ Әлия қазір балаларын мектепке орналастыра алмай жұмыссыз отыр екен.
Осындай күйді бастан кешіріп жатқан тұрғындар тамыздың 19-күні Алматыда БАҚ құралдары арқылы жер дауын шешіп беруді талап етіп, осымен 8-ші рет Иманғали Тасмағанбетовке ашық хат жолдағанды жөн көріпті. Тұрғындар осындан үш күн бұрын «Үйімізді заңдастырайық» атты жаңа қоғамдық комитет құру туралы шешім қабылдағандарын хабарлады. Аталмыш комитеттің келтірген деректері бойынша – «Шаңырақта» - 3,5 мың, «Әйгерімде» - 350, «Қалқаманда» - 2200 бұзылуға жатқызылған, заңдастырылмаған үйлер бар екен. Комитет мүшелері бұл сан алдағы уақытта да өсе түсуі мүмкін дегенді айтты. Қоғамдық комитетке біріккен азаматтардың құқығын қорғаушы, заңгер Саян Мейірбеков:
«Алматы облысының жерін Алматы қаласы аумағына өткізу белгілі бір жүйемен заңды түрде жүргізілген болса, мұндай заңсыздықтар орын алмаған болар еді. Бұл жерде қарапайым халықтың еш кінәсі жоқ. Бәріне де билік кінәлі», - дейді.
Бірақ, бұл мәселеге байланысты жұма күні «Азаттық» радиосына Алматы қалалық әкімшілігінің баспасөз қызметкері Альберт Сайфуллин:
«Баспана, жер мәселесі бұған дейін көтерілген болатын. Азаматтар орындалатын өтініштен гөрі орындалмайтын өтініш беруге құмар. Себебі, кейін орындалмаса - шу көтеруге жақсы. Егер орындалып кетсе - ол әкімшіліктің тарапынан шешіліп жатқан мыңдаған шаруалардың бірі ретінде көрінбей қалады», - деп жауап берді.
Ал, «үйіміз бұзылып, далада қалатын болдық» деген тұрғындар жергілікті билік баспанадан айыратын болса, кез-келген қадамға баруға дайын екендіктерін айтуда.