ВЕЛЛИНГТОН. Ауғанстанның сыртқы істер министрі Абдулла Абдулланың мәлімдеуінше, елдің тұрақты дамуы мен осы аймақтағы қауіпсіздікті нығайту үшін ауған елі халықаралық қауымдастықтың ұзақ мерзімді қолдауына мұқтаж. Оның атап көрсетуінше, қауіпсіздік Ауғанстанның басым бөлігінде едәуір нығайғанымен, шекара аймақтарында қантөгіс толастамай тұр. Ресми сапармен Жаңа Зеландияның астанасы - Веллингтонға келген ауған министрі Абдулла бүгін осылай деп атап көрсетті. Жаңа Зеландия Ауғанстанның шекаралық облыстарына өзінің маңдайалды десанттық-диверсиялық бөлімшесін және Бамиян өлкесіне армия құрылысшыларын жолдады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады