Ассошайтед пресс агенттігі Конституция жобасы бойынша комитеттегі шиит өкілі Али әл-Адиибтің АҚШ президенті Баас партиясы мен федерализм турасында сунниттермен бір келісімге келіңдер деп айтты деген сөзін келтірген. Нью-Йорк таймс басылымы да Дж.Буш шииттердің жетекшісі Абдул Азиз әл-Хакимді сунниттермен бір мәмілеге келуге шақырды деген хабар таратты. Дегенмен де ресми Вашингтон мұндай өтініштің болғандығын растай қойған жоқ.