Accessibility links

Палестина лидері Израильді ұстамдылыққа шақырады


РАМАЛЛА. Палестина лидері Махмад Аббас Израильдің оңтүстігінде жанпидашыл-палестиндіктің бүгін жүзеге асырған қастандығын “террористік әрекет” деп бағалап, оған наразылығын білдірді. Рамаллада ол осы қастандыққа байланысты Израильді ұстамдыққа шақырды. “Осы шабуыл мен Израиль жағынан болған басқа да қастандықтарды біз терроризм деп бағаладық. Біз мұндай осы әрекеттерге наразымыз және ондай істерге қарсымыз. Бейбіт келіссөзді нәтижемен аяқтау үшін біз барлық жақты ұстамдылыққа шақырамыз”, - деп атап көрсетті Палестина лидері. Бүгін Израильдің Беер-Шева қаласында палестиндік экстремист автобус аялдамасында өзін-өзі жарып, одан ондаған адам жараланып, екеуі ауыр халде жатыр.
XS
SM
MD
LG