Accessibility links

Ауғанстандағы парламент сайлауының қауіпсіздігін НАТО күштері күзететін болады


КАБУЛ. НАТО-ның Ауғанстандағы бітімгершілік күштері 18-інші қыркүйекте өтетін парламент сайлауының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы елдің солтүстігі мен батысындағы шекарасына қосымша 2 мыңдық әскерін орналастырды. БҰҰ-ынан берілген мандатқа сәйкес, қауіпсіздік шараларына халықаралық күштердің 11 мыңдық қолы жұмылдырылатын болады. Халықаралық күштердің өкілі Энди Элмистің хабарлауынша, қосымша әскери күш НАТО-ға мүше 10 елден шақырылады. Сайлаудың қауіпсіздігі үшін АҚШ жеке өзі 700 жауыгерлік батальонын жолдады. Сайлау күні жақындаған сайын тәліптердің тосын шабуылдары үдей түсті.
XS
SM
MD
LG