Accessibility links

Ирақ президенті “Бағдад қырғыны” үшін діни экстремистерді айыптаса, шийт көсемі елді ұлттық бірлікке шақырады


БАҒДАД. Ирақ президенті Жалал Талабани Бағдад көпіріндегі қырғын үшін бар айыпты діни экстремистерге жүктеді. Соңғы ресми мәлімет бойынша, сәрсенбі күні Тигр өзені үстіндегі көпірмен келе жатқан халықтың дүрлігуінен 965 адам құрбан болып, 334 кісі жараланды. Шийтердің діни рәсіміне келе жатқан мыңдаған адам “жанпидашыл-лаңкес өзін-өзі жарады” деген дауыстан дүрлігіп, бірін-бірі басып-жаншып қаша бастады, жүздеген адам суға кетіп, өзгелері аяққа жаншылып құрбан болды. Шийтердің рухани жетекшісі аятолла Әли Ас-Систани Ирақ халқын ұлттық бірлікке шақырды. Елде 3 күндік аза тұту жарияланды.
XS
SM
MD
LG