Алматыда жер телімдері сатылып жатыр деген ақпаратты естігеннен кейін, Астанада шағын кәсіппен айналысып жүрген Фархат Еркін есімді азамат, тапқан-таянғанын жинап, аукционға қатысу үшін арнайы келді. Алайда аукционға қатысқан Фархат Ерік Алматыда жер телімдерінің бағасы соншама қымбатқа бағаланады деп ойламағанын айтады.
«Басындағы белгіленген баға арзан болды. Бірақ кейіннен оның бағасы көтеріліп, бір сотық жердің құны 100 мың долларға шейін шарықтап кетуі мүлде ақылға симайды. Мұндай жоғары баға тіпті Астанада да жоқ», - дейді, Фархат Еркін.
Ал, Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының қызметкері Бауыржан Сәлімбаев жер телімдерін сатуға байланысты өткізіліп отырған аукцион шағын бизнеспен айналысып жүрген кәсіпкерлер үшін тиімді деп есептейді.
«Мұндағы ең жақсы нәрсе, аукционнан жер сатып алғандар, құжат алу үшін, анда-мұнда шапқылап, әр есіктің табалдырығын тоздырмайды. Негізгі құжат, яғни мемлекеттік акт бірден қолына тиеді. Ол құжаттардың барлығы билік орындарымен келісіліп, алдын-ала дайындалады», - дейді ол.
Осы аукционға келгенімен, қаржысының аздығынан жер телімін ала алмаған Асхат есімді кәсіпкер, оның шетел азаматтарына да сатылып жатқандығына разы емес екенін білдірді. Бірақ ол, жер телімдерінің бармақ басты, көз қысты жолмен құпия түрде емес, осындай ашық жолмен сатылғанын дұрыс саясат деп санайды.
Жоғарыда айтылған мәселеге байланысты бізге берген жауабында, Алматы қаласы жер қатынастары мекемесінің қызметкері Тимур Мұқанов, шетел азаматтарының жер телімдерін сатып алуға құқыларының бар екендігін, алайда оны мұрагерлік жолмен ешкімге де тастап кете алмайтындығынан хабардар етті.
Жер телімдерін сату процесін ұйымдастырған, өзін тәуелсіз аукционшы деп таныстырған Досан Қашқыновтың пікірінше, оның бастапты бағасы аса жоғары болған жоқ.
“Аукцион кезінде сатылған баға, сатылған жер телімінің нақты құны болып табылады. Егер де сұраныс болса, оны сатып алушылар да көп болады. Жер телімдері қымбатқа сатылса, оның бағасының жоғары болғанына қарамастан, алғысы келетіндер де бар деген сөз”, - дейді Досан Қашқынов.
Алматы қалалық жер қатынастары басқармасы бастығының орынбасары Беккали Торғаевтың айтуынша, алдағы уақытта да жер телімдерін сатуға байланысты аукцион өткізу жоспарланып отыр. “Азаттық” радиосына берген сұхбатында ол, келесі аукционға салынатын жер телімдерін дайындау жұмыстарының әзірленіп жатқандығын айтты.
Сонымен, қыркүйектің 2-күні аукцион арқылы сатылған 13 жер телімінің ең арзаны 1 миллион 800 мың, ал ең қымбаты - 36 миллион теңгеге бағаланды.